Арыққа итеріп жіберген: Алғашқы кездесуде көз жұмған алматылық бойжеткеннің өліміне қатысты үкім шықты
Алматыда алғашқы кездесуде көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен кафеде танысқан. Бастапқыда әңгіме-дүкен құрған екен, алайда кейін жанжал туындапты.
"Кафеге келушілер ер адамның қызды далаға алып шыққанын көрсе де, ешқайсысы араша түспеген. Қазір далада не болғанын ешкім білмейді. Бірақ 20 минут өткен соң қыздың өзі шақырған полицейлер келіп, оның мәйітін тапқан", – деп жазды журналист.
Кейін жанжал кезінде ер адам Айнагүлді арыққа итеріп жібергені анықталды. Бойжеткен бас сүйек жарақатынан көз жұмды.
Уақыт өте іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгеріп, ер адам 2,5 жылға сотталды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"