Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ардагерлер үйіндегі қария қызметкерлердің күн көрсетпейтінін айтып налыды

Алматы ардагерлер үйінде адам сенгісіз оқиғалар болып жатыр. Аталған мекеменің тұрғыны Виктория Боженова осылай деп сипаттады. Әйел орталық басшысының қарияларға күн көрсетпей жүргенін тілге тиек етті. Айтуынша, ардагерлерге лайық ем жасамайды екен. Тіпті, тамақ бермей қинайтын көрінеді. Десе де, басқа ардагерлер Виктория ханымның сөзіне қарсы шығып отыр.

ипмак

Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды.

Виктория Боженова аталған арнаның журналистеріне өзі ардагерлер үйінде жүріп түсірген видеоларды көрсеткен. Оның бұл орталықта тұрып жатқанына жарты жылдан асыпты. Бастапқыда ол бұл жердің жоғары сапалы қызмет көрсететінін айтқан. Араға біраз уақыт салып бұл ойынан бас тартып отыр.

«Мен сіздерге бір құжат көрсеткім келіп отыр. Біз қашқынбыз. Сол себепті менің түрімді көрсетпеңіздер», – дейді ол. Өзінің жүзін көрсетпесе де, ол орталықтағы ардагерлерді видеоға түсіргенді жақсы көреді. Артынша аталған видеоларды youtube желісіне салып отырады.

ипмв

«Кеше басымнан жай түскенбей болды. Менің сөздерімді диктофонға басып алуға оның қандай құқығы бар. Мен оны сотқа беремін. Ол айыппұл төлейтін болады. Бізде бұл жерде барлығы жақсы. Бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Сол ғана шу шығарып жүреді», – дейді орталықтағы қариялардың бірі. Аталған орталықтағы ардагерлердің барлығы Виктория Боженованың сөзіне қарсы шығып отыр.

Алайда Виктория ханымның өзі ешкімді аяғынан шалмағанын айтып жатыр. Сөзіне сенсек, орталықтағы қариялар шындықты жария етуден қорқады екен. «Оларды камераға түсірген кезде шындықты айтудан қорқады. Мен екінші топтаға мүгедек болсам да, құдайға шүкір, қалаған жеріме бара аламын. Бір шетінен мұнымен неге мен айналысуым керек? Қорқатын, бей-жайлық танытатын, арам ниетті адамдар болады. Мен адамның тағдырына бей-жай қарамайтындардың қатарына жатамын. ТМД елдері ішіндегі көптеген қарттар үйін көрдім. Алғаш осы жерге келгенімде ғимараттың сұлулығына сұқтандым. Меніңше, мұндай орталықтардың басшысын жыл сайын өзгертіп отыру қажет», – дейді Виктория Боженова.

Әзірге кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені белгісіз. Қызметкерлер Виктория ханымның ақылға сыймайтын әрекеттерінен қатты шаршағандарын сөз етті. Арасында ашуланғаннан аспаздың қанындағы қант мөлшері көтеріліп кетіпті.


Жіберіп алмаңыз:

Елордалық азамат қазақстандықтарды полиэтиленді пакеттерді қолданбауға шақырады

Елімізде тұтынып жүрген 19 литрлік құтыдағы су қауіпті болып шықты

Сіз тұрмыста қолданып жүрген 11 зиянды зат (фото)

Банкідегі тұздалған тағамдар неге зиян?

Талқылау