ArcelorMittal-дың Қазақстанға қарсы шағымы жоқ – Индустрия министрі
ArcelorMittal Қазақстанға қарсы талаптар мен шағымданудан толығымен бас тарту туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АрселорМитталдың еш шағымы жоқ екенін айтты.
“Arcelor Қазақстанға бұдан әрі ешқандай шағым жасамайды. Яғни ArcelorMittal тұрғысынан Қазақстан Республикасына қатысты талап-арыздардан және басқа да іс жүргізу түрлерінен толық бас тарту туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім қолымызда", – деді Шарлапаев.
Бұған дейін Үкімет ArcelorMittal Termirtau компаниясын 286 миллион долларға сатып алғаны хабарланды.
Жаңа инвестор қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған