AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арал теңізінде балықтар жаппай қырылып жатыр: Мамандар дабыл қақты

Соңғы күндері Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындары дабыл қағып жатыр. Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынында жаппай шабақтар қырылуда. Бүгінде сала мамандары экологиялық апаттың алдын алу мақсатында жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балық

Алғаш балықтардың қырылуы 18 ақпан күні халық арасында "Көгіш" аталып кеткен су каналында байқалған. Аталмыш су арнасының ұзындығы 1,2 шақырымды құраса, ені 16 метр. Су айдындарында эколог-мамандар мен облыстық балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері зерделеу шараларын атқарып жатыр.

"Су айдыны толықтай зерделеніп, тиісті сынамалар алынды. Арнайы құрылғы судағы оттегінің 3,5  көрсеткішін көрсеткен. Мұздың қалыңдығы 25 сантиметр. Жалпы, балықтардың қырылуына оттегінің өз деңгейінде болмауы себеп деген болжам бар. Сонымен қатар арнада судың көлемі де өте аз. Осы жағдайлар шабақтарға кері әсерін тигізуде", – деп мәлімдеді Арал-сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров.

Қазір экологтар алынған сынамалардың нәтижесін күтуде. Шабақтардың жаппай қырылуын тоқтату үшін су айдынында 25 ойық қазылып, қолдан оттегі беру жұмысы жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр