Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Араб жігітке тұрмысқа шықтым": Дубайдағы қазақтардың шынайы өмірі көрсетілген деректі фильм жарияланды

Дубайда тұратын этносы қазақ әйелдер туралы деректі фильм жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видео “Жалғыз жолаушы” Youtube арнасында жарияланған. Кейіпкер ретінде Дубайда тұрып, кәсіппен айналысатын бірнеше отбасы мен араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақстандық ару таңдалып алынған. 

Біріккен Араб әмірліктеріне Қытайдан көшіп барған Жарқын мен Мунира қазақ тілін ұмытпай, үй ішінде қазақша сөйлесуге тырысады екен. Тіпті балаларының бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойған. 

“Қолымыздан келгенше балаларымызды кішкентайынан бастап қазақы дәстүрмен өсіруге тырысып келеміз. Өзіміз шетелде болсақ та, атамекеніміз Қазақстанды ұмытпаймыз”,  – дейді Жарқын. 


Миллион долларлық пәтерлер: Назарбаевтың туыстары мен бірнеше шенеуніктің Дубайдағы мүліктері анықталды


Қазақ отбасы Дубайдағы денсаулық сақтау, білім, күнделікті шығындарына ай сайын қанша қаражат кететінін айтып өтті. 

“Кенже баламды босанған кезде 20 мың доллар, одан алдынғы баламды босанғанда 18 мың доллар төледім. Ал өмір сүру үшін күнделікті шығындарды есептесек, отбасымызға шамамен 25 мың дирхам, 3 млн теңгедей ақша кетеді. Ал бір баланың 9 айлық оқуы үшін жылына 10 мың доллар төлейміз”, – дейді Мунира. 

Қытайда туған қазақ Жарқын Дубайға алғаш келгенде 350 долларға жұмыс істегенін айтады. Кейін тіл үйреніп, тәжірибе жинаған соң жалақысы 8 мың долларға дейін көтерілген. Қазір Жарқынның Дубайда екі мейрамханасы бар, қол астында 35 адам жұмыс істейді екен.

Ал видеоның келесі кейіпкері Салтанат есімді қазақстандық ару араб жігітіне тұрмысқа шыққан.

“Барлығы керемет. Барлығымыз мұсылман болғандықтан, бізден қатты айырмашылығы жоқ. Салт-дәстүрімізде де ұқсастықтар бар. Барлығы арапқа тұрмысқа шықса, орану керек деп ойлайды, расында олай емес, сенің қалауыңа қарайды. Күйеуім отбасымен Қазақстанға келіп, ата-анама барып, құда түсті, сосын той күнін белгіледік”, – дейді Салтанат.

Талқылау