"Әр күні мені қолдап келеді": Боксшы Сәкен Бибосынов жұбайын көпшілікке таныстырды
Өткен жылдың соңында шаңырақ көтерген боксшы Сәкен Бибосынов жұбайын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов желтоқсан айының 13-і күні үйленді. Ол отау құрмас бұрын отбасымен қатар, бапкерінің ақ батасын алғанын атап өтті. Сондай-ақ, өмірлік жарын таныстырды.
"Ақ некелі жарымның есімі - Нәзира. Үлкен өмірге бірге қадам басқан жарыммен 2017 жылы алғаш танысқан болатынмын. Нәзира алғаш танысқан кезден бері әр күні мені қолдап келді. Содан бері екеуміз өмірдің қиындығында, қуанышында бірге еңсеріп келе жатырмыз. Тәуелсіз елімнің бірден бір үлгілі отбасы болуымызды Аллам нәсіп етсін. Барша құттықтаған жандарға мыңнан бір алғыс. Алла разы болсын", - деп жазба қалдырды боксшы желідегі парақшасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар