Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әр қызметкер 15 хаттамадан толтыруы керек”: Астана полициясында желіде тараған аудиожазбаға байланысты тексеріс басталды

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның полиция қызметкерлеріне белгілі бір баптар бойынша белгіленген мерзімде рәсімделуге тиіс хаттамалар жоспары бойынша тапсырма беріп жатқаны жазылған аудиожазба тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Желілерде тараған хабарламада хаттамалар туралы тапсырманы Астана қалалық полиция департаментінің қызметкері бергені айтылған.

"Бүгіннен бастап әрбір учаскелік полицей 15 хаттама рәсімдеуі қажет. Бізде 70 учаске бар, әр учаскеден 15 хаттама. Кейбіреулерінде аз, кейбіреулерінде көп болмауға тиіс. Бүгіннен бастап мен нақты қандай баптар бойынша рәсімдеу керегін айтып отырамын. Маған тек осы хаттамалар керек, басқасы емес. Әр учаске норманы орындауы қажет. 22-сіне дейін бәрі дайын болуға тиіс”, – делінген желіде тараған аудиожазбада.

Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Тексерудің нәтижелері бойынша қатаң шаралар қабылданады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Алматы полицейлеріне "хаттама толтыру бойынша жұмысты күшейту" тапсырылғаны түсірілген видео тараған еді.

Талқылау