"Әр қабатқа лифт қойылған": Дархан Жолшыбеков су жаңа баспанасын көрсетті
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков су жаңа зәулім үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Айта кетейік, желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын пәтерін ұтысқа тігіп, атыраулық келіншекке сыйлаған еді.
“Жаңа қоныс. Бәріңізге жұғысты болсын”, – деп жазды блогер. Көп ұзамай желі белсендісі достарын қонаққа шақырып, румтур жасады.
“Дархан мен Даридың үйіне қонаққа келіп жатырмыз. Үйдің ішінде лифт бар. Бірінші қабаттан лифтімен екінші қабатқа көтерілуге болады. Мұндай үйді бірінші рет көріп тұрмыз”, – деді блогер Разиюша.
Желі қолданушылары блогердің зәулім үйін қызу талқылап жатыр.
“Үйдің бағасы – 800 миллион теңге екен”, “Лифт қоя салу Дархан үшін сәнге айналды”, “Бір-бірлеріңді таппай адасып қаласыңдар”, “Бәріміз 30 мың теңгеге курсын сатып алдық”, “Әр қазақтың үлесі бар”, “Қызына үй мен көлік берді. Құдай бұған да еселеп берген шығар”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогердің "Еркек әйелді тыңдамауы керек" деген пікірі жұрттың ашуын туғызған еді.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
