"Әр азаматтың дауысы ортақ болашағымызға қосқан үлесі": Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов Алматыдағы сайлау туралы айтты
Белгілі театр және кино актері, режиссер, профессор, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат" және II дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері Тұңғышбай Жаманқұлов Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Ол №502 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін өнер қайраткері азаматтық жауапкершілік пен елдің одан әрі дамуындағы қоғамның рөлі туралы пікір білдірді.
"Ел тағдырына қатысты әр маңызды қадам халықтың қатысуымен жасалуға тиіс. Әр азаматтың дауысы ортақ болашағымызға қосқан үлесі. Бүгін қабылдаған шешім өскелең ұрпақтың болашағына қызмет етсін", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Еске салайық, Алматыда сайлаушылар тізіміне 1 млн 355 мыңнан астам адам енгізілген. 670 сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастыруға сайлау комиссияларының 4 826 мүшесі жұмылдырылған.
Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көлікпен жүру тегін. Сайлау учаскесінің мекенжайын бірыңғай 109 нөмірі арқылы нақтылауға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді