Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен велокурьер ұсталды
Ақтөбеде 12 жастағы қыздың қатысуымен болған оқиғадан кейін полиция электрвелосипед жүргізушісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 30 шілдеде Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылында электрвелосипед жүргізушісі велосипедпен келе жатқан 12 жастағы қызды қағып кеткен.
“Оқиғадан кейін ер адам зардап шеккен қызға қажетті көмек көрсетпестен, оқиға орнынан кетіп қалған. Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз дене жарақатын алған”, – делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер электрвелосипед жүргізушісінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Күдікті 58 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде велосипедпен жүрген курьер 12 жастағы қызды қағып, ауыр жарақатпен тастап кеткені туралы жазған едік. Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жоғарғы жақ сүйегі мен бет сүйегі сынғанын анықтады. Сондай-ақ алдыңғы тістері түсіп қалған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген