Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамаудағы қазақстандық уақытша ұстау изоляторынан шатыр арқылы қашып кеткен: Оған жаңа жаза тағайындалды

Фото: түрмеден қашып кеткен

 

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының 33 жастағы тұрғынын мас күйде көлік айдағаны оны уақытша ұстау изоляторына қамап тастаған. Алайда ол сонда да қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жағдай кешкі серуен кезінде болған.Ер адам ішкі ауладағы есіктің құлпын ашып, басқа серуендеу алаңына өткен. Сол жерде қабырғадағы ұлу тасты итеріп, арматураны сындырып, ғимараттың шатырына шыққан. Кейін тікенекті сымнан асып, сыртқа қашып кеткен. Алайда ол ұзаққа бармай полицияның қолына түскен.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындаған. Оның айтуынша, қашқаннан кейін Кемпірсай ауылын жаяу айналып өтіп, жолай тоқтаған көлікпен Ақтөбеге қарай бет алған. Алайда жолда полицейлер ұстап алған.

Оған Қылмыстық кодекстің 426-бабы ("Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу") бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды. Сот қашқаны үшін оны 1,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал бұрынғы өтелмеген жазасы ескеріліп, сот оның түпкілікті жазасын екі жылға бас бостандығынан айыру деп белгіледі. Жаңа жазасын ол жалпы режимдегі мекемеде емес, қауіпсіздік деңгейі жоғары колонияда өтейді.

Еске сала кетейік, Францияның Лион қаласында тұтқын түрмеден қашып кеткен. Оны еркіндікке шыққан досы сөмкесіне салып алып шыққан.

Stan.kz
Бейсенбі, 08 Қазан, 2026 12:40