Ақтөбе облысында аудан әкімі орынбасарының жүргізушісі полицейлерден қашқан: Ол қызметінен кетті

Ақтөбе облысында полициядан қашып, тоқтау туралы бұйрығын елемеген көлік жүргізушісінің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірнеше уақыттан кейін жүргізуші тоқтап, полицейлермен жанжалдасқан. Ол патрульдік көлікке кіруден бас тартқан көрінеді. Кейін оның Қарғалы ауданы әкімі орынбасарының жүргізушісі екені анықталды. Ал көлікте орынбасардың өзі отырған екен.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жүргізуші полицияның заңды бұйрықтарын елемей, қашуға тырысқан. Содан соң полиция қызметкерлеріне дұрыс емес мінез-құлық танытып, олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірді.
“Жүргізуші полиция қызметкерінің заңды бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оқиға кезінде аудан әкімінің орынбасары көлікте жолаушы болғаны анықталды. Бейнежазбаны қарау кезінде шенеуніктің қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы ешқандай дәлел табылмады. Дегенмен бұл оқиға бойынша материалдар қарау және процедуралық шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік қызмет органына жіберілді”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД.
Ақтөбе облыстық әкімдігі аудан әкімінің орынбасары қызметінен кету туралы өтініш бергенін хабарлады.
"Бейнежазбада Қарғалы ауданының бұрынғы әкімі орынбасарының жүргізушісі көрсетілген. Әкім орынбасарының кінәсіздігіне қарамастан, ол өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Жүргізуші заңды бұзды. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлігін тоқтату туралы заңды бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады облыстық әкімдік.
Отставкаға кеткен әкім орынбасарының аты-жөні жарияланбады.
Желіде дау болған элиталы мектеп оқушысының "Қазақстан тарихы оқытылмайды" дегені шындыққа жанаспайды – Оқу-ағарту министрлігі
Пікір қалдырушылардың бірі "Мұндай мектептерді жабу керек деген
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина
Оқыңыз