Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде осы айдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу қиындамақ

ооо ақша
Фото: Stan.kz

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу шегі биыл тағы көтерілуі мүмкін. Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл шешім болашақта қазақстандықтардың жеткілікті зейнетақы алуын қамтамасыз ету үшін қабылданбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұны Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді. Ол зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу шегінің не үшін көтерілетінін түсіндірді.

“Шекті мөлшер міндетті түрде көтеріледі. Қазір біз тиісті есептеу жүргізіп жатырмыз. Ұлттық банк және мемлекеттік органдармен бірге оны қандай деңгейге көтеру мәселесін талқылап жатырмыз. Қазір нақты қандай деңгей болатынын айта алмаймын. Шешім қабылданған кезде міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаймыз. Мұның не үшін жасалып жатқанын өздеріңіз де білесіздер. Министрлік пен зейнетақы саясатына жауапты уәкілетті орган ретіндегі біздің міндетіміз – азаматтарды қартайғанда лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Логикасы өте қарапайым”, – деді Ербол Тұяқбаев.

Оның айтуынша, бұл шешім мамыр айының соңына қарай қабылдануы мүмкін.

“Иә, биыл шекті мөлшер көтерілуі мүмкін”, – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі енді қалай есептелетінін жазған едік. 

Stan.kz
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 15:10