Елімізде енді Төтенше жағдайлар министрлігі Tesla Cybertruck көлігімен жұмыс істейді

Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммиті кезінде Төтенше жағдайлар министрлігі электрлі көлігін таныстыды. Ведомство оның не үшін қажет екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, электрлі жүк көлігі Tesla Cybertruck жедел әрекет ету және ықтимал іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дайын күйге келтірілген.
"Ол ғарыштық интернетпен, жылу көрсеткіші бар кәсіби ұшқышсыз ұшу құрылғыларымен, арнайы байланыс құралдарымен, қорғалған есептеу техникасымен және дербес қуат көздерімен жабдықталған. Бұл төтенше жағдай аймағында құтқарушылар мен медицина қызметтерінің әрекеттерін жедел үйлестіруге мүмкіндік береді", – деді министрлік.
Ведомство құтқарушылар үшін маңызды бір факторды атады. Ол – іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерге шектеу қойылған табиғатты қорғау аймақтарында автокөлікті пайдалану мүмкіндігі.
"Электрлі платформаны пайдалану таулы аумақтардың экологиясына қосымша жүктеме түсірмей, бөлімшелердің қозғалысын сақтауға мүмкіндік береді", – деп қорытындылады министрлік.
Желіде дау болған элиталы мектеп оқушысының "Қазақстан тарихы оқытылмайды" дегені шындыққа жанаспайды – Оқу-ағарту министрлігі
Оқыңыз