Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аптасына бес күн кешкі ас дайындауы керек": Бишімбаев психолог алдында Салтанатқа қоятын талаптарын айтқан

Сотта Бишімбаевтың психолог Юлия Герасимовамен ("супер"емес) хат-хабарлары оқылды. Мұнда Бишімбаев Салтанаттан аптасына бес рет кешкі ас дайындап, қайда жүргенін үнемі айтып отыруы керек екені және басқа да талап қойғаны жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото сот процесі мен желіден

Психолог Бишімбаевқа әйелінің бұрынғы қарым-қатынасын қабылдап, осы тақырыпта көбірек ой түюге кеңес берген. Кейін Бишімбаев Салтанатқа хабарлама жазып, қайта оралуын сұраған.

"Осы күндер ішінде біздің қарым-қатынасымыз туралы ойландым. Мен сенің жағдайың мен өзімнің қателерімді түсіндім. Саған қаншалықты қиын болғанын ұқтым. Сені кінәламаймын, кеткеніңе де ренжімеймін. Сенің сөздерің мен сезімдерің маған айқындала түсті. Өтінемін, қайта орал..." – делінген Бишімбаевтың хатында.

Салтанат бұған жауап беріп, Бишімбаевты кешіргенін жауап ретінде жазған. Бұл жазбаны көрген психолог Бишімбаевты мақтаған. Кейін маман Бишімбаевқа аз ашулануға, жеке шекараны сақтауға шақырған.

Кейін бұл психологқа Бишімбаевпен Салтанат та бірге бара бастаған.

Бишімбаев осы тұста Салтанаттан не талап ететінін айтқан. Онда:

  • Аптасына бес күн кешкі ас дайындауы керек; 
  • Сол кешкі асқа қатысуы қажет;
  • Ол өзінің қайда жүргенін хабарлап отыруы керек; 
  • Өзін ұстамды ұстауы шарт.

Ал Салтанат Қуандықтан айыптауды қойып, эмоциялық қысымды төмендетуін сұраған.



Психолог оларға бір-бірінің жеке шекараларын сақтауға, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге және психологтың жеделхат арнасына жазылуға кеңес берген.

Еске салсақ, Сотта Бишімбаев Салтанат екеуінің қарым-қатынасын ретке келтіру мақсатында Юлия Герасимова есімді отбасылық кеңесшінің қабылдауына жазылғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау