Apple электромобиль шығару идеясынан бас тартты
Америкалық Apple технологиялық компаниясы он жылдық дамудан кейін электромобиль жобасынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:
Apple компаниясының электромобильді әзірлеу бөлімінің қызметкерлері мәлімдемені таратты. Онда жобаның тоқтатылатыны және көптеген жұмысшылардың жасанды интеллект (AI) бөліміне ауысатыны айтылған.
Сауданың жабылуына орай Нью-Йоркте Apple-дің бір акциясы – 182,6 доллар.
Apple 2014 жылы Project Titan аясында электромобиль жасауды бастады. Көлікке дауыстық навигация орнатылып, көліктің салоны лимузинге ұқсас болады деп жоспарланған еді.
Басқару мен стратегияның бірнеше рет өзгеруіне байланысты машинаны құру процесі қиындықтарға тап болды. Электромобильді шығару бірнеше жылға созылатындықтан, жобадан бас тарту шешімі қабылданды.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі