Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әпкемнің арқасы": Әбдіжаппар Әлқожа өнерге алғаш қадам басқан кезін еске алды

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнер жолына түсіп, алғаш сахнаға шыққан сәтін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

“Бақыттың, бақыттың, тұрағы қайда?
Жүре ме күнде, тұра ма айда!
Қол жетпестей биіктерде ме, – деп сұрақ қойып Алматыға келген едім. 2005 жыл. “Ауылда жүрсе өспейді, өзі бұзық бала. Қазірден бастап өнерге баулу керек, байқауларға шықсын, ән айтсын, сахнадан табылып жүрсін” деп осы суреттегі қалпыммен өнерімнің қалыбын бастаған еді. Роза Әлқожамен ең бірінші дуэт айтқан менмін негізі. Алтын Махамбетова апайдың басқаруындағы “Әнші болғым келеді” байқауы болатын”, – деп жазды өнер иесі.

Әбдіжаппар Әлқожаның сахнада жүргеніне 18 жыл толған екен.

“Республика сарайына” алғашқы қадам. 2000 адамның түрін көріп үлгермеген боз бала бірден 3000 адамның алдында ән айтты. Әуелі Алла сосын Роза Әпкемнің арқасында. Содан бері 18 жыл өтіпті. Осы өнерімнің қалыбын құрап, санама серпін, ойыма ақыл, парасатқа пайым берген ұлы ұстаз, мотиватор, қамқоршым, тірегім. Балаға бере алмас байлықты маған бергеніңізге мың алғыс Роза әпше”, – деп әнші әпкесі Роза Әлқожаға алғысын білдірді.

Талқылау