Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әпкем таныстырған қызды алдым": Әзілкеш Аманғали Сыпабеков алғаш рет әйелі туралы айтты

Танымал әзілкеш, “Базар жоқ” театрының әртісі Аманғали Сыпабеков алғаш рет отбасы туралы айтып, әйелін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әзілкеш студияға жары Маралмен келді.

"Танысуға барған кезде қайын атамды көрдім. Олар бірнеше адам болып, достарымен отырды. Суретте бір-біріне ұқсай береді ғой. Қабағы қатулы болды. Содан папама ұқсайтын бір кісіге Тұрсынбектің, Қайраттың әзілін айттым, бірақ ешқайсысы өтпеді, күлмейді. Енем мен жаңағы қасындағы досы ғана көңіліме қарап, күліп отырды. Бір кезде папам "далаға шығайық, темекі тартайық" деді де, өзі әрі қарай барып, телефонмен сөйлесіп тұрды. Папамның досымен жақсы сөйлесіп кеттік. Бір кезде "Папаның мінезі қиын-ау, қызымен бекер араластым ба" деп айтқаным сол еді, әлгі кісі "мен ғой сенің папаң" деген кезде қуанып кеттім. Сөйтсем, шатастырып алыппын", – деп еске алды.

Әртістің жұбайы Марал Амангелдиева күйеуінің оған үйленуге ұсыныс жасамағанын айтты: “Екеумізді таныстырған – қайын әпкем. "Ініммен таныстырамын" деп айтып жүргенде, мен ол кісінің Әбеке екенін білмедім. Алғаш танысуға келген кезде бәріміз әуелі ол кісімен суретке түсіп алғанбыз. Одан кейін бірден сөйлесіп кеттік, бір жылдай жүрдік. Кейін әке-шешеммен танысқаннан кейін бірден үйленейік деп айтты, мен де келістім”, – дейді Марал.  

Аманғали Сыпабеков бала тәрбиесіне қатты мән беретінін де айтты.

“Абыройлы әке болғым келеді. Мейлі, қазіргі Аманғали болмай қалсам да, елге танылған әнші болмай қалсам да, өмірде балаларым "біздің әкеміз мықты кісі" дейтіндей адам болғым келеді. Ел алдына шықпай қалып жатсам, мені бала тәрбиесімен айналысып жүр деп біліңіздер”, – деп бөлісті ол.  

Талқылау