Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест шешіп көріңіз

Тілімізде антонимдер, омонимдер, синонимдер деген ұғымдар кездеседі. Бұл терминдер сізге таныс па? Әлде бұл терминдерді алғаш рет көріп тұрсыз ба? Бүгінгі материалда осы терминдерге кеңірек тоқталып, талдау жасаймыз. Содан соң төмендегі тестті шешіп, біліміңізді сынап көріңіз.

Антонимдер – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы, арық – семіз, жуан – жіңішке, тату – араз, т.б. 

Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. 

Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. 
Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

Омонимдер – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. 
Мысалы, Ана жаққа қара, алыстан бір қара көрінді деген сөйлемдегі қара сөзі омоним, себебі бірінші қара сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін, қимыл-әрекет атауы болатын  етістік, екінші қара сөзі – кім? деген сұраққа жауап беретін зат есім. 

Синонимдер – айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер. 
Мысалы,  Менің анам сұлу, келбетті әйел деген сөйлемдегі сұлу, келбетті сөздері бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. 

Ережемен танысып, төмендегі тестті шешіп көріңіз. Іске сәт!

ойжұмбақ
5 сұрақ
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест
Бұл терминдер сізге таныс па? Әлде бұл терминдерді алғаш рет көріп тұрсыз ба? Бүгінгі материалда осы терминдерге кеңірек тоқталып, талдау жасаймыз. Содан соң төмендегі тестті шешіп, біліміңізді сынап көріңіз.
 
/
5
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест

Синонимдік қатарды табыңыз

 
/
5
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест

Омоним бола алатын сөзді табыңыз

 
/
5
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест

"Қамшы тастам жер" фразеологизмінің антонимін табыңыз
 

 
/
5
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест

Омоним бола алатын сөзді табыңыз
 

 
/
5
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест

Тез сөзінің синонимі бола алатын тұрақты сөз тіркесін табыңыз

Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест
Результат
 
/
5
Тамаша! Нәтижеңмен бөліс!
 
Бөлісу
 
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест
Результат
 
/
5
Жақсы нәтиже! Сәл жетпей қалды.
 
Бөлісу
 
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест
Результат
 
/
5
Жаман емес!
 
Бөлісу
 
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест
Результат
 
/
5
Дайындық керек
 
Бөлісу
 
Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест
Результат
 
/
5
Ережені қайта оқы, біздің айдардан қалыс қалма!
 
Бөлісу
 
Интерактив: ойжұмбақ
Квиз: Антонимдер, омонимдер, синонимдер айырмашылығын білесіз бе? Тест

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр