Белсенді Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды
Бұған дейін ғаламтор беттерінде мектептердегі балаларға екпе егілді деген жалған ақпаратты таратқан Айна Бакееваға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Бакеева Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Шешімді орындауды сот Шымкент қалалық полиция департаментіне жүктеді.
- Ақтауда мектеп оқушылары белгісіз затпен улануда
- "Қазақстанда балаларды міндетті вакциналау туралы бұйрыққа қол қойылды": Ақпарат қызу талқыға түсті
Естеріңізге сала кетейік, бұдан алдын қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласында балаларға жасырын екпе салынатыны жөнінде ақпарат таратқан. Бұған себеп бірнеше әйелдің мектептерге рұқсатсыз кіріп түсірген видеоларын желіде жариялауы болған. Бейнежазба авторы өзін журналистпін деп таныстырып, ал жанындағы серігінің дәрігер Айна Бакеева екенін айтады. Сонымен қатар кадр сыртындағы дауыстан "балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз екпе салынып жатқанын" естуге болады.
"Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады": Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары
Алып қашуға көмектескендердің бәрі де қылмыстық жауапқа тартылады дейді заңгер
"Өз жолын өзі қирататындай әрекетке барады деу логика сыймайды": Федерация президенті Жәнібек Әлімханұлының ендігі тағдыры не болатынын айтты
Рахимжан Ерденбеков: "23 қаңтардағы жиын сот емес, эмоциялық пікірталас та емес"