AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларға заңсыз екпе салып жатыр": Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы жанжал тудырған видеоға түсінік берді

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында ел астанасындағы №58 мектеп-гимназиясында түсірілген видео таралуда. Бейнежазба кадрынан дәрігерлер мен мұғалімдердің қоршауында тұрған 9 сынып оқушысын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коллаж вакцина

Видео авторларының сөзінше, оқушыға коронавирусқа қарсы екпе салуда. Ал баланың денсаулығының нашарлауына ата-анасының рұқсатынсыз егілген екпе себеп болған дейді олар. Бейнежазба кейіпкерлерінің бірі, белсенді антиваксер ретінде танымалдығы артқан дәрігер Айна Бакеева.

Бейнежазбаға сүйенсек, онда бірнеше әйел мектепте балаларға екпе жасалып жатқанын айтады. Олардың бірі өзін журналистпін деп таныстырады. Жазбаның басынан соңына дейін әйелдер жанжал тудырып, дәрігерлер мен мектеп қызметкерлерімен тартысып жүріп балаға жақындағысы келгенін аңғаруға болады.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы оқиғаның 5 қазан күні №58 мектепте болғанын растады.



Алайда, білім ордасында балаларға вакцина салынады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

"Азаматша Айна Бакеева мектеп аумағында жанжал туғызды. Бакеева мен онымен бірге келген адамдардың басты мақсаты - мектептерде балаларды міндетті түрде вакцинациялау жүргізілетіні туралы әлеуметтік желілерде шу тудыру болған. Біз бұдан алдын да бірнеше рет мұндай ақпараттың жалған екенін айтқан болатынбыз", - деді білім басқармасы.

Ал видеодағы оқушыға келетін болсақ, департамент баланың үзіліс кезінде өзін нашар сезінгендігін айтты. Дене шынықтыру сабағынан кейін жасөспірімнің басы айналып, сол себепті медициналық пунктке жүгінген деп түсіндірді олар.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, әйелдер білім беру мекемесіне ағзада туберкулез микобактериясына антиденелердің бар-жоғын анықтау үшін Манту сынамасын тапсырған үшінші сынып оқушыларының бірінің анасының нұсқауымен келген. Олар өздерін оқушының ата-анасымын деп таныстырып, Ashyq мәртебесін тексеру туралы өтінішті елемей, мектепке баса-көктеп кіріп кеткен.

Білім басқармасы мектепке келіп жанжал тудырған әйелдердің үстінен арыз жазылғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр