Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар вакцина алса да, коронавирустан көз жұму қауіпі жоғары адамдар санатын атады

Италияның ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері бірқатар ауруларға шалдыққан егде жастағы адамдар COVID-19-ға қарсы вакцинадан көз жұмуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters  порталына сілтеме жасап. 

науқас

Зерттеушілер 2021 жылдың 1 ақпанынан 5 қазанына дейін италиялықтардың коронавирустан көз жұмғаны туралы деректерді талдаған. Осы кезеңде 38 мың адамның өмірін ауру жалмаған. Оның 33,6 мыңы екпе алмаса, 2 130 адам вакцинаның бірінші дозасын салдырған немесе вакцинациядан кейін көп ұзамай, ауру жұқтырған, ал 1 440 адам толық екпе алған.

Вакцинацияланғандардың арасында көз жұмғандардың орташа жасы 85-ті құрапты. Олар – көбіне беске жуық созылмалы ауруға, атап айтсақ, жүрек ауруы, қатерлі ісік және деменцияға шалдыққандар. Коронавирустан көз жұмған, екпе салдырмағандардың  орташа жасы 78-ді құраған.

Осылайша, COVID-19-дан көз жұму қауіпі созылмалы аурулары бар өте егде жастағы адамдардың арасында жоғары. Дегенмен вакцина салдырған кәрі адамдар егілмегендерге қарағанда аурудан жиі аман қалады, дейді ғалымдар. 

Талқылау