Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антисептик ішіп көз жұмған 17 жасар қыздың ісі: Павлодардағы орталық қызметкерлері жаппай жұмыстан кетуде

Антиксептиктен уланып, көз жұмған қыздың ісіненен кейін Павлодардағы қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін орталық қызметкерлеріне тәртіптік жаза шаралары қолданылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, Павлодардағы орталықта үш тәрбиеленуші антисептикпен уланған, олардың бірі қаза болған.

Қыздар суда сұйылтылған антисептик ішкен.

Қайғылы жағдайдан кейін орталықта тексеру жүргізілді.

"Оның нәтижелері бойынша орталық басшысының орынбасарына, тәрбиешіге, медбикеге қатаң сөгіс жарияланды. Білім басқармасы басшысының айтуынша, медбике, екі көмекші, тәрбиеші және күзетші өз еркімен жұмыстан кеткен. Орталық директоры отставкаға кету туралы өтініш берді", - деді Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Сондай-ақ осы мекемелердің қызметіне бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 371-бабы (немқұрайлылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Stan.kz
Бейсенбі, 04 Ақпан, 2021 16:36