Антикор Таразда грант орындарын сатқан колледж директорын ұстады
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Дүйсенбек Әбдірайымов пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram.com/dussenbek.abdraimov
Колледж директорының нақты қанша сомада пара алғаны белгісіз. Алайда Дүйсенбек Әбдірайымовтың грант орындарын салып, ақша алғаны мәлім болды.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің басшысы Дүйсенбек Әбдірайымов 63 жаста. Ол 6 жыл бойы облыстық білім басқармасын басқарды. Жамбыл политехникалық колледжінің басшылығына екі рет тағайындалды. 1998-2004 жыл аралығында Әбдрайымовтар әулеті екі жатақхана ғимаратын жекешелендірді. Осылайша колледж директорының екі қызы колледж ашты.
Биыл қазақстандық оқу орындарда гранттың жетпеуіне байланысты үлкен дау болған еді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"