Антикор халықаралық жасыл технологиялар орталығының басшысын ұстады
Астанада халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі растады.
"Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасын ұстады. Соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекс шеңберінде жарияланбайды", – делінген хабарламада.
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының сайтында жарияланған мәліметте компанияның басқарма төрағасы 39 жастағы Олжас Ағабеков екені айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағанын жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар