Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор атышулы "Айка тізімінің" таралуына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

Бүгінгі мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әйгілі "Айка тізіміне" қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

"Үкім шықты, оған қатысты түсініктеме бермеймін. Интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектеулі, сондықтан әр жағдай жеке қаралады", – деді Марат Қожаев мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Бұл ретте ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары интимдік қызмет көрсету саласындағы клиенттерді жауапкершілікке тартуға қатысты сауалға да жауап берді. Атап айтқанда, вице-министрден жезөкшелер үйлерінің клиенттерін жазалауды қолдайтын-қолдамайтыны сұралды. Вице-министр бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

Прокуратура келісімі бойынша блогер қызға қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы “Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық” және 297-бабы “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.

Сот барысында секс-бизнесін ұйымдастырушыдан жылжымайтын мүлік құжаттары, ақ түсті ұнтақ зат қалдығы бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтыну үшін оралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм мефедрон тәркіленді.

Бұған дейін Алматыда қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке” секс-кештер ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 25 жастағы бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты. Атышулы "Айка тізімін" жасаған блогер қыз 6,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік. 

Талқылау