Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші тойда ішіп алып, төбелесті: Ұланғасыр Қамиев желіні шулатқан жайтқа қатысты пікір білдірді

Күні кеше желіде жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйде белгісіз біреулермен жаға жыртысып жатқан видеосы тараған еді. Хитмен өзінің бұл әрекетіне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/ulangasyrqamiev

Ұланғасыр Қамиев көпшілікті бейнежазбаға сенбеуге шақырды.

“Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Қалайсыздар? Бүгін сонау Алматыдан Арқалық деген қалаға тойға келдік. Жұмыстың тығыз болуына байланысты кеше қайда болғаным өкінішке орай есімде жоқ. Бүгін Арқалық қаласындамыз. Бұл жаққа жол ұзақ екен. Келгенше желі ұстамады. Діттеген жерімізге жетіп, телефонды қоссам әлеуметтік желі мен туралы шулап жатыр екен.Дос-жаран, туған-туыс, оқырман хабарласып, жағдайымды сұрап жазып жатыр. Жағдайым жақсы. Видеодан көргендеріңіздей қатты ештеңе болған жоқ. Ондай жағдайларға етіміз үйреніп қалған шығар. Мұндай видеоларға сене берудің қажеті жоқ. Ол жерде расы да бар, өтірігі де бар. Сондықтан көріп тұрғандарыңыздай бәрі жақсы. Аман болыңыздар, сау болыңыздар”, – дейді жас әнші.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Жетісу облысына тойға барған Ұланғасыр Қамиевтің той қонақтарымен жаға жыртысқан бейнежазбасы тарады. Болған жағдайға қатысты жергілікті полиция Департаменті де түсініктеме берді.

Талқылау