Әнші Өмірқұл Айниязов келін түсірді
Танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың отбасында дүбірлі той. Өнер иесі ұлын үйлендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/omirkul_ainiyazov
Әншінің ұлы Нұртуғанның таңдауы семейлік Гүлім есімді аруға түскен. Өмірқұл Айниязов күні кеше дүркіретіп той жасап, келіннің бетін ашты.
“Келінді көрсетіп қояйын көрімдігін Каспийге жіберерсіздер. Жастар бақытты болсын”, – деп жазды әнші. Өмірқұл Айниязов өз қуанышында қазақтың келіндеріне арнап ән шырқады.
Той иелерінің қуанышын бөлісіп келген қонақтар желіге жас жұбайлардың суретін жариялады. Әншінің жары Фарида Айниязова да әлеуметтік желідегі парақшасында келін шәйға жиналған жақындарын көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Өмірқұл Айниязовтың ұлы Нұртуған той алдында жол апатына түскен болатын.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған