Әнші Мұқасан Шахзадаев лауазымды қызметке тағайындалды
"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы Алматы қалалық мәдениет басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әнші Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.
Мұқасан Шахзадаев 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған дүниеге келген. 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін тәмамдаған.
1990 жылы "Нұр-Мұқасан" дуэтін құрып, 25 жыл өнер көрсетті.
Әнші - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған