Әнші Ксения Ашиғалиеваның күйеуі босатылды
Алматылық әнші Ксения Ашиғалиеваның күйеуі босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темір торда ұстау жазасы үйқамаққа ауысты. Соттағылар Ашиғалиевті темір торға қамап ұстауға еш негіз жоқ екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, алматылық әнші Ксения Ашиғалива оны күйеуі соққыға жығып, өлтірмек болды деп айыптаған болатын. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі "НеМолчи.kz" қорында жарияланды. Әйел көгерген денесін көрсетіп желіге видео салып, көпшіліктен көмек сұраған.
Артынша әншінің күйеуі Бауыржан Ашиғалиев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Ксения көгерген іздерді денесіне өзі салған. Алайда, Алматы қалалық полиция департаменті гитаристі уақытша қамауға алған еді.
^ array:1 [ 0 => "https://stan.kz/download/uploads/news_full1565403425153060b02caa656250f9f2168cece0d2.jpg" ]
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Авиасарапшы: "Елдегі шағын әуежайларға Boeing сияқты ұшақтар ұшып бара алмайды"
“Дін мен ұлт дәстүрін айыра білу керек”: Этнограф ҚМДБ-ның жаназадағы дастарқанға араласпау қажетін айтты
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"