Әнші Индира Еділбаеваға сүйіктісі Балиде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
Отандық әнші әрі актриса Индира Еділбаева қалыңдық атанды. Ол желіге әсерлі бейнежазба жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/indi_edilbayeva
Балиде демалып жүрген әншіге сүйіктісі Камаладин тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Желіде жарияланған бейнежазбадан Индираның ұсынысты күтпегенін байқауға болады. Тіпті ол көз жасына ерік берді.
"Мен "иә" дедім. Бақытты болғаным сонша, көп жыладым. Менің арманымдағы жүзікті жасапты. Мұндай сәтте қатты қобалжиды екенсің. Сөзім жоқ, тек махаббат", – деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары мен өнердегі әріптестері әсерлі видеоның астына жылы лебіздерін қалдырып, құттықтады.
"Құттықтаймын бақытты болыңдар", "Әлемдегі ең бақытты жандардың бірі бол", "Сендер үшін қуаныштымын", "Шын жүректен құттықтаймын", "Сенімен бірге жыладым", – деп жазды желі қолданушылары.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар