Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Диная Ренат Гайсинмен жақын қарым-қатынаста екенін ашып айтты

Әнші Dinaya композитор, музыкант Ренат Гайсинмен бірнеше жылдан бері етене жұмыс істеп келеді. Әріптестік қарым-қатынас бара-бара махаббатқа ұласқан. Dinaya өзіне қамқор болып жүрген музыкантқа деген сезімінің қашан оянғанын да білмейді.

Әнші Dinaya Ренат Гайсинмен жақын қарым-қатынаста екенін ашып айтты

Бұл туралы ол “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Танысқан күннен бастап ол маған шығармашылық тұрғыдан көмектесе бастады. Тегіннен тегін ән жазып берді. Бұл – мен үшін өте құнды, себебі дәл сол сәтте маған қолдау қажет болды. Мен, тіпті сезімнің қалай пайда болғанын білмеймін. Маған оның жасаған ісі әркез ұнайтын, оған аузым ашылып қарайтынмын. Адамдармен сөйлесуі, жазған әндері, оны ұсынуы – бәрі ұнайды.

Маэстро Гайсин – менің махаббатым. Бұл нәрсенің мәңгілік болғанын қалаймын деп бекер жазған жоқпын. Себебі біз ертең не болатынын білмейміз. Ертең бірдеңе сынып қалуы, болмай қалуы мүмкін. Кей адамдар “бұл PR” деп жазып жатады. Мен ондайды түсінбеймін”, – дейді Dinaya.

Әнші Гайсинмен кездесіп жүрсе де, оған “сіз” деп сөйлейтін болып шықты. Оның себебін Dinaya былай деп түсіндірді:

“Бір адаммен жұмыс істеу және жақын қарым-қатынаста болу қиын. Мен оған “сіз” деп сөйлеймін. Себебі ол арамызда белгілі бір шек қояды. Мен “сенге” көшіп кетсем, мінезіммен басып кетуім мүмкін. Мен кішкене еркекшора әйелмін. Себебі мен ұзақ уақыттан бері жалғызбын. Маған шыдау қиын. Тіпті, ата-анам “саған бара-бара лайықты азамат табу қиын болады” деп алаңдайды. Ол да ыңғайсызданды. Мүмкін “сен” деп сөйлесе береміз, деді. Әзірге осы дұрыс, маған ыңғайлы дедім. Қашан басталғанын өзім де түсінген жоқпын. Жалпы біз 4 жылдан бері таныспыз”, – дейді әнші.

Тағы оқыңыз: 

Әнші Диная Айдана Меденованың күйеуімен не үшін жанжалдасқанын айтты

Сіздердің ақылдарыңыз керек емес: Айсәуле Бақытбек өз қатесінен сабақ алғысы келетінін айтты

Гүлзира Айдарбекова “екінші келіні көтермей жүр” деп сынағандарға жауап берді

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Талқылау