Әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды
Қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: @a.kishkenbaev/Instagram
Алматы соты Алмас Кішкенбаевты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.
Сол мәліметінше, Алмас Кішкенбаев бұл әрекетті мас күйінде жасағанын айтқан. Сондай-ақ әншінің өзі ештеңе есінде жоқ екенін жеткізген.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Кейін танымал әншіге қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.
Алмас Кішкенбаевқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттер жасау, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларды сыйламау, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас әрекеттер) айып тағылған.