Anonymous хакерлер тобы Ресейге "кибер соғыс" жариялады
Anonymous компьютерлік хакерлер тобы Ресейге кибер соғыс ашатынын жариялады. Сондай-ақ хакерлер ресейлік RT телеарнасының сайтына хакерлік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Anonymous ұжымы Ресейге ресми түрде соғыс жариялайды..." делінген топтың Twitter-дегі хабарламасында. Хакерлер өздерінің хабарламаларына #Ukraine хэштегін қосты.
RT бұған дейін бейсенбі күні кешке сайттарына DDoS шабуылдары жүргізіліп жатқанын, олардың мекенжайларының шамамен 27% -ы АҚШ-та екенін хабарлаған.
Бейсенбі күні кешке Кремль, Ресей үкіметі, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің сайттарының жұмысында да қиындықтар болған. Ал президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз кезегінде Кремль сайты DDoS шабуылына ұшырамайды деп мәлімдеді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар