"Әннің ырымы басқа": Еркеш Хасен не себепті Қайрат Нұртасқа әнін орындауға рұқсат бермегенін айтты
Отандық жас әнші Еркеш Хасеннің “Анашым” деген әні көптің жүрегіне жеткен көрінеді. Тіпті Еркештің өнерегі әріптесі Қайрат Нұртас та ана туралы әнді сұрап, өтініш жасаған. Еркеш ағасының өтінішін орындай алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/erkesh.khasen/kair_n
Еркеш анасына арнаған әнді өзі үшін жазылғанын айтты.
“Бұл коммерциялық ән емес, өзім үшін, жан дүнием үшін жазылған ән. Арасында өзім тыңдап аламын. Сол әнді естіп жақында Қайрат Нұртас ағам хабараласты. “Мына әнді үй жақта айтайын деп едім, минусын берші” деп өтініш. Мен бере алмадым. “Ол әннің ырымы басқа, айтпай-ақ қойыңызшы, анаңыз аман-есен ғой” дедім. Индира Елемес бар, Сәкен ағама бір ән қарызбын, Кенжебек ағама бір ән жазып қойдым. Оны енді сәл түзеу керек”, – дейді Еркеш Хасен.
Айта кетейік, бұған дейін Еркеш жеті айлығында анасынан айырылып қалғанын айтып, көзіне жас алған болатын. Жас әнші күні кеше қызы Мединаның 1 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді