"Аңқаумын ба, білмеймін": Жақында үйленген Нұрболат Қанай жабырқап жүргенін айтып, жан сырын ақтарды
Көпшілікке “Qanay” лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл күйі болмай, уайымға салынып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/qanay.913
“Қанайларыңның көңіл күйі жоқ. Мен негізі ешкімді ренжіткім келмейді. Бәрінің көңіліне қараймын. Менің көңілімді көбі түсіне бермейді. Аңқаумын ба, білмеймін. Бірақ ешкімге жамандық тілемеймін. Арманымды орындау, ойлаған нәрсені жүзеге асыру, одан түскен пайданы үйдегілерге, айналамдағыларға беру – менің міндетім. Нені дұрыс жасамай жүргенімді әлі түсінбей келемін. Не болса да, бәріне көнемін, онсыз да быт-шыт болған жүрек, көңіліме алмаймын. Бұл сынақтар өзімнің жасап жүрген жасырын күнәлардан немесе Алла сынап жатыр”, – дейді әнші.
Алайда өнер иесі не болғаны ашып айтқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрболат Қанай келіншегі туралы айтқан болатын.

"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын