Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасынан аумайтын қызым: Сәкен Майғазиев отбасылық қуанышымен бөлісті

Қазақ эстрадасындағы ең балажан әке Сәкен Майғазиев отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол жасы 40-ға жақындағанда көрген қызының 4-ке толғанын айтып қуанды.

20479389_2209760712584087_1523687163479195648_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Шексіз шүкірлер бір Аллаға болсын! Бүгін Райана қызым төртке толды! (Анасына ұқсайды, иә?) Я Раббым! Баршамызға ұрпақтарымыздың иманды, саналы, білімді болып өсуін нәсіп еткейсің”, – деп жазды Майғазиев.

Бұл ретте әріптестері Сәкенді отбасылық қуанышымен құттықтай жөнелді. “Музарттың” бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев: “Құтты болсын туған күн, Аллам ұзақ ғұмыр берсін. Бақытты балалық шақ тілейміз”, – деп ақ тілегін жеткізсе, ақын Серікзат Дүйсенғазы: “Алла Тағалам ғұмырын ұзақ, мағыналы қылсын. Біз үшін балапанның бетінен сүйіп қой”, – деп тілек білдірді.

Желі оқырмандары да қалыс қалмады. Бірнеше сағаттың ішінде 1500-ға жуық оқырман Райананың болашағының жарқын болуын, ұзақ әрі бақытты ғұмыр тіледі.

Айта кетейік, жұлдызды әкенің Райананың ізінен ерген Мәриям есімді қызы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ерлан мен Баян қырқынан жаңа шыққан сәбилерін көрсетті

Сүйіктім шебер аспаз: Карина Абдуллина тағы да желіні шулатты

Босанғаннан кейін 20 келі қосып алған Қарақат арықтауға бел буды

Балаларға іріктеу жасаған Сәкен Димашқа еліктейтін жастардың көбейгенін айтты (видео)

Талқылау