Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын өлтіріп, мектепке барған: Талдықорғанда жантүршігерлік өлім

Талдықорғанда 17 жасар оқушы түн ішінде анасын тұншықтырып, таңертең сабағына кеткен. Кейін полицияға барып өзі ұсталған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

“Бала, ашық, тез тіл табысқыш. Жақсы тәрбиедегі балалармен дос болатын. Жақсы оқыды, суретті жақсы салатын. Мемктеп аралық редакция алқасының мүшесі, газет шығаруға көмектесетін. Жауапкершілігі өте мол. Бастаған ісін аяқтамай, үйіне кетпейтін”, -дейді № 5 мектеп директоры Гүлмира Ахметова.

17 жасар оқушы № 5 мектептің ең үздік оқушыларының бірі болған. Баладан ешкім мұндай әрекетті күтпеген. Ол түнде анасының ұйықтағанын күтіп, тұншықтырған. Кейін денесіне бірнеше жерден пышақ сұққан. Ертеңіне сабағына барып келіп, полицияға өзі ұсталған.

Үйде баласы мен анасы ғана тұрған. Өз ұлының қолынан қаза тақан 43 жастағы әйел медбике болып жұмыс істеген.

Жасөспірім ұсталып, оқшаулау бөлмесіне қамалды. Оның үстінен “Кісі өлімі” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Өте белсенді, үнемі қуанып, күліп жүретін әйел еді. Ол ұлының ренжіткені немесе сөзге келісіп қалғаны туралы әңгіме айтпайтын. Оның жалғыз уайымы ұлының қайда оқуға түсетіні еді”, -дейді әйелдің құрбысы Елена Коленко.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде орамал тағатын оқушыларға бөлек мектеп ашылуы мүмкін

Шикіліктер болды: Данияр Елеусінов бұрынғы промоутерімен келісімшарттың не үшін бұзылғандығын айтты

Әгәрәки сөзі – қоғамның жақсы болуы деген мағына: Жұрт қазақша сөздердің мағынасын білмей масқара болды

Журналистер Қайрат Нұртастың атынан кітап шығарып эксперимент жасады: Жұрт әдебиетке емес, әншінің кітабына жүгірді

Талқылау