"Анасының көлігі": Алматыда көлікпен кері бағытта жүрген 18 жастағы жігіт ұсталды
Алматы полицейлері Саин көшесімен артқа қарай қозғалған Lexus жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірден бірнеше жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Lexus көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінен бірден сегіз құқық бұзушылықтың белгілері анықталды, олар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Жүргізуші 18 жастағы әлі жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт болып шықты. Көлік оның анасына тиесілі.
"Сонымен бірге, іздестіру бөлімінің қызметкерлері бұл бейнероликтің басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде, олардың да әрекеттері жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде қарастырылады", – деп қосты Әзірбек.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"