Анасынан айырылған Арман Дәулетияров қажылыққа аттанды
Белгілі продюсер және медиаменеджер Арман Дәулетияров анасынан айырылған соң, Меккеге қажылыққа аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен қазір қасиетті Меккедемін. Анам үшін бұдан артық ештеңе ойлап таба алмадым. Мұнда отбасыммен, үлкен балаларыммен бірге келдім. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді. Он мыңдаған хат алдым. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де маңызды болып шықты.
Не айта аламын? Анаңнан айырылу өте қиын. Бірақ бәріміз ертелі-кеш келген жағымызға қайта кетеміз, Жаратушымызға ораламыз.
Қайырымды іс жасаңыздар, сеніңіздер. Сенім деген – өміріңе дұрыс бағыт беретін, жол сілтейтін күш", - деді Дәулетияров.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі