Жүрсін Ерман әлемге әйгілі шетелдік құдасына шапан кигізіп, ат мінгізді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанға қыдырып келді. Әлеуметтік желіде ДДСҰ басшысының шапан киіп, атқа мінген видеосы тарады. Оған мұндай құрметті Қазақстанда тұратын құдалары көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тедрос Аданов Гебрейесус қазақстандық ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның құдасы болып келеді. Оның ұлы мен Жүрсін Ерманның жиені осыдан бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтерген.
Желіде тараған видеодан Гебрейесустың тау бөктерінде өткен арнайы мерекеге қатысқанын көруге болады. Онда ДДСҰ басшысына арналып түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, домбырашылар күй шерткен. Одан бөлек, Гебрейесустың ат үстінде шапан киіп отырғанын көруге болады.
Мерекелік шараға Алтынбек Қоразбаев, Асанәлі Әшімов сынды ел ағалары да қатысқан.
@emmanuel_tag #almatykazakhstan🇰🇿 #family #tigraytiktok ♬ original sound - Emmanuel TAG
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады
"22 жыл жүрген көлік – 5 миллион теңге": Қазақстанда ескі автомобильдер неге қымбатқа сатылады
Неліктен ескі көліктердің бағасы жаңа бюджеттік автомобильдермен шамалас?