Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын қорлағаны үшін әкесін өлтірген ақмолалық қыз 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысындағы колонияда әкесін өлтірді деп сотталған қыз жазасын өтеп жатыр. Ақмола облысы бойынша түзеу инспекциясы департаментінің мәліметінше, қыз дәстүрлі емес діни ағымның жақтаушысы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://depositphotos.com/

Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Психологтардың айтуынша, сотталушы ауыр психоэмоциялық күйде, артында үш баласы қалды.

"Әкеммен бала кезімнен қарым-қатынасымыз жақсы болмады. Мен оны анамды келеке етіп, ұрғаны үшін кешіре алмадым. Сондықтан болар, қыз бала табиғатына жат болса да, каратэмен айналыстым. Анамды да, бауырымды да қорғайтын ешкім болмады. Ешқайда оқуға да барған жоқпын, жергілікті сурет өнері бөлімін бітірдім. Шетелге оқуға шақырту алсам да, бара алмадым. Анам мен бауырымды тастап кете алмадым", – дейді сотталушы Карина. 

Кісі өлімі жаңа жыл түні болған. Карина ата-анасы арасындағы жанжалдың куәсі болыпты. Оның айтуынша, әкесі анасына айқайлап, балағаттай бастаған. 

"Жалпы жанжал туып, әкесі әйелін ұрып, қызының шашынан ұстап, ұрып-соға бастаған. Бойжеткен асүй үстелінің үстіне құлап, қолына ілінген пышақпен әкесінің кеуде тұсынан ұрған. Ол құлап, сол жерде көз жұмды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот ақмолалық әйелге 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді, өйткені жасалған қылмыс "қажет қорғаныс шегінен асып кеткен кезде жасалған кісі өлтіру" бабы бойынша қайта сараланды.

Талқылау