"Анасы жұмыста болғанда балалары адасып кеткен": Түркістан облысында жоғалған балалар аман-есен табылды
Түркістан облысында анасы 2 кішкентай баласын үйде тастап, жұмысқа кеткен. Қайтып келгенде ұлдарын таппаған. Полиция балаларды аман-сау күйінде тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлдарын уайымдаған ана оларды өз бетінше іздегенімен, еш нәтиже шықпай, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Отырарлық полицейлер хабар алысымен бұл жайтты дереу тіркеуге алып, іздестіруге толық құрам жұмылдырылды. Полицейлер ауыл-аймақтағы тұрғындардан, көрші ауылдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, балалар баруы мүмкін деген жерлерді түгел қарап шықты. Әсіресе канал жағасына, ойын алаңдарына мұқият тексеру жүргізді. Жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында тәртіп сақшылары, екі баланы 5-6 шақырым қашықтықта орналасқан Шәуілдір ауылындағы көпқабатты үйлердің ауласында ойнап жүрген жерінен тапты. Қазіргі таңда бүлдіршіндер аман-есен анасына тапсырылды.
Ағайынды балалар анасының соңынан ілесіп шыққан. Алайда жарты жолда анасын таба алмай, қайтар жолдан жаңылысып, көпқабатты үйлердің арасында адасып қалған.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға келеңсіз жайттар орын алып, жазатайым жағдайға ұшырамас үшін, баланы үйде жалғыз қалдырмау керектігін қатаң ескертеді.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері