AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бет-аузы қан-жоса": Алматы облысында оқушыны ит талап кетті

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылдық округінде 9 жастағы баланы ит талаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Абырой болғанда оқушы аман, қазір ауруханада жатыр. Бет-аузы қан-жоса болған баланың суреті әлеуметтік желіде тарады. Анасы иттің иесін табуға көпшіліктен көмек сұраған еді. Иесі сол күйі табылмады. Құтырған ба, жоқ па ол жағы да әлі белгісіз. Ауылдағы жантүршігердік оқиғаны тілшіміз баяндайды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша 9 жастағы Халиф үйінің ауласында бауырларымен алаңсыз ойнап жүрген. Бос жүрген үлкен төбет қайдан келгені белгісіз, ойын баласына тап беріпті.  

“Мен жұмыста болғанмын. Жұма күні екі кештің арасында болған оқиға. Жұмыс істеп отырған едім, сосын қызым звондап, жылап, осылай-осылай ит талап кетті деді”, – дейді әкесі Дастан Әбілқайыров.   

Түрлі дене жарақатын алған оқушы анасымен бірге қазір  Алматыдағы №1 балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалады.  

“Қабылдау бөлімінде антирабический иммуноглобулин салынып, баланы бөлімшеге жатқыздық. Келгендегі жағдайы орташа ауырлықта болды. Бүгінгі таңда бала орташа ауырлықта. Бірақ динамикада жағдайы тұрақталған және антирабический вакцинасы схема бойынша алынып жатыр”, – дейді балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуы Жексенова.

Баланың анасы да қауіптің сейілгенін айтты. Ал, итті арнайы мамандар ұстап, ветеринарлық станцияға тоғытқан. 10 күн бақылауға алып, кейін арнайы дәрімен ұйықтатпақшы. Иесі жоқ дейді. Ауыл халқы жалпы маңайда қаңғыбас иттер өте көп деп отыр.

“Ауылдың ішінде қаңғыбас иттердің жүру себебі - біздің округ жолдың жағасында орналасқан. Әрі - бері мал айдаушылар да көп. Басқа ауылдардың иттері жол-жөнекей қалып қойып жатады”, – дейді Ақсеңгір ауылдық округінің ветеринарлық пәнктінің меңгерушісі Қуат Малдыбаев.

Жергілікті әкімдіктегілер болса, ит аулау облыс мәслихатының шешімі бойынша тек тұрғындардың өтінішімен ғана жүзеге асатынын жеткізді.   

“Сұраныс бердік аудандық ветеринарлық станцияға. Біздің ауданда 6 елді мекен бар. Онда мұндай қызмет көрсететін бір ғана бригада бар. 3 адамнан тұрады”, – дейді Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округі әкімінің орынбасары Әсет Бердісова. 

Дегенмен баласын ит қапқан әке, иесіз иттердің көп екенін бұған дейін әкімдікке қанша шағымданған. Бірақ нәтиже жоқ деп налиды.

“Өтінішті айтуын айттық, бір емес бірнеше рет. Шынын айтқанда, қозғалыс болып жатқан жоқ ит мәселесі бойынша. Бұл екі-үш рет ескертіліп айтылған мәселе еді”, – дейді әкесі Дастан Әбілқайыров.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл ауданында 9500 ит тіркелген. Оның 7000-ға жуығы шаруа қожалықтарына тиесілі екен. Ауруханада жатқан баланың анасы мен дәрігерлер, қапқан иттің анализін күтуде. Құтырғаннан аман болса екен деп тілейді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр