Анасы Ыстамбұлға алдап апарып, медресеге берген: 16 жасар қазақстандық қыз елге қайтарылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Анасы Ыстанбұлға алдап апарып, медресеге берген 16 жасар қызды Түркия Республикасынан елге қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы Қазақстан азаматы отанымызға жеткізілді, қазір қыз отбасының жанында, Ақтөбе қаласында.
"16 жасар Қазақстан азаматы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан елге оралуға көмек сұрады. Өтініштен кәмелетке толмаған қызды анасы алаяқтық жолмен Түркияға алып кеткені және оның еркіне қарсы Ыстамбұлдағы қыздарға арналған медресеге бергені анықталды. Сонымен қатар бала туыстарымен байланыса алмай, Қазақстанда жүрген әкесі мен екі ағасын сағынғанын айтып шағымданған. Аружан Саинның өтініші негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның Түркиядағы елшілігі арқылы Ыстанбұлда баланы іздеу мәселесін шұғыл қолға алды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бала табылып, оның Қазақстанға оралуына қажетті көмек көрсетілді", – деді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Комитет Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтарының мүддесі үшін жұмысты одан әрі жалғастыра береді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды