Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында "Ана – өмірдің шуағы" атты тағылымды кездесу өтті

Ана өмірдің шуағы Ұлытау
Фото: Видеодан скрин

Ұлытау ауданында жас аналарға арналған "Ана – өмірдің шуағы" атты тағылымды кездесу өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс-шараның басты мақсаты – ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы ортақ мақсаттарды талқылау, жас аналардың тәрбиедегі рөлін нығайту және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Кездесудің құрметті қонағы – Астана қаласынан арнайы келген блогер, этнопедагог Құндыз Оралжан. Кездесу барысында спикер ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, ана болудың жауапкершілігі және бала тәрбиесіндегі қазақы тәлімнің маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітіп, қатысушылармен еркін пікір алмасты.

Іс-шараны Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Сакипов Алмат Қайратұлы құттықтау сөзімен ашып, жас отбасыларды қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ана мәртебесін арттыру бағытындағы мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.

Кештің көркін арнайы шақырылған өнерпаздар Қайырхан Ерғазы, Дастан Аяжан және Әбілбай Әділет әсем әндерімен әрлеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кездесу барысында жас аналар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, отбасы тәрбиесіне қатысты өзара пікір алмасты.

 

Stan.kz
Жұма, 31 Шілде, 2026 12:16