"Ана өмірде төлқұжат сұрамайтын шығар": 26 жастағы қазақстандық ешқашан болмаған құжаттарын алуды қалайды

26 жастағы Уәлихан Әлиев есімді қазақстандық еш жерде тіркелмеген, сәйкесінше ешқандай құжаты жоқ. Жігіт мектепте оқымаған, көше оның баспанасы болып, қара жұмыспен нан тауып, өзін асыраған. Ал қазір ол құжат алу үшін мекемелердің табалдырығын тоздырып жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап. 

Уәлихан Әлиевтің сөзінше, оның ешқашан өз құжаты болмаған. 8 жасына дейін Алматыда әжесімен тұрған. Бірақ әйелдің туған немересі екеніне күдік бар. Зейнеткер о дүниелік болған соң, оның үлкен ұлы Уәлиханды көшеге қуып жіберген.

"Осы оқиғада кейін көшеде 8-9 жыл тапқан ақшаммен өмір сүрдім, өзімді өзім тәрбиеледім, кез келген жерде жұмыс істедім, негізінен - көлік жуу орындарында. Онда 1-2 күн көмектесесің, нанға жететін ғана ақша береді. Қазірге дейін темекі шекпеймін, есірткі қолданбаймын, ішімдік ішпеймін. Неге екенін білмеймін, мүмкін, көше солай тәрбиеледі. Оларға ақша керек, ал ол менде болмады. Маған нанға жетсе болды", - дейді Уәлихан Әлиев.

Ол ата-анасын ешқашан көрмегенін айтты. Туған күнін әжесімен бірге 23 қырқүйекте атап өткен, туған жылы - 1994. Жігіт құжат алуды қалайды. Алматыда мемлекеттік органдардың біріне жүгінген, бірақ алаяққа жолығып, ол ақшасын алып, Уәлиханды таксимен Нұр-Сұлтанға жіберген. Мұнда да ақша табуға тура келген.

"2017 жылдан бастап өзім жүгіне бастадым. Мені протокол толтыруға, әкімдікке, АХАЖ бөліміне жіберді", - дейді ол.

Үйсіз. құжатсыз жігіт өзін мемлекеттік базада тіркеу үшін күресіп жүр. Үйлену жоспары бар. Тіпті, сотта 1 жыл ісі қаралған, бірақ ондағылар президент әкімшілігінен көмек сұрауға кеңес берген. Осыдан кейін оның ісі алға жүрген. Арнайы тапсырма елордадағы әділет департаментіне келген.

"Біз АХАЖ бөлімінің базасынан қарадық, бұл адам ешжерде тіркелмеген, туғаны, құжат алғаны туралы мәлімет жоқ. Осыған байланысты қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - деді әділет департаментінің жетекші маманы Талғат Шахабаев.

Кәсіби заңгерлердің сөзінше, түсініксіз дүниелер мен күдікті жайттар бар, ақпараттардың бір бөліге қарама-қайшы: адам өмірде бар, бірақ ешжерде тіркелмеген. 

"Егер адам біреуден қашса, жасырынса, ол осылай бәрін ашық түрде айтпас еді. Көптеген нұсқалар бар. Бірақ дәл қазір оған осы өмірге бейімделуіне көмектесу керек, ол жаза алмайды, оқи алмайды. Тіпті, біз оған сенімхат жазып бере алмаймыз, себебі ол үшін Нұр-Сұлтанның әділет департаментінің  рұқсаты керек", - деді заң палатасы басшысының орынбасары Олег Саакян.

Заңгерлер елдегі барлық перзентханаларға 100-ден астам сұраным дайындады. Халықаралық жүйелерде іске қосылады. Сонымен қатар, куәгерлер де істі жеңілдетеді.

"Мүмкін, оны біреу танитын шығар, көрген шығар. Мүмкін, бала кезінде көрген шығар, ол кішкентай кезінде тұрған жерде. Осыған байланысты сол кісілердің біздің палатаға немесе редакцияға жүгінулерін сұраймыз. Дәл қазір оның Қазақстан аумағында болғандығын растайтын куәгерлер қажет", - деді Олег Саакян.

"Ана өмірде төлқұжат сұрамайтын шығар", - деді Уәлихан Әлиев.

"Уәлиханның ісімен айналысып жүргендердің бәрі асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Жігіттің үміті үзіліп, адамдарға деген сенімі жоғалған. Ал бұл оған адамдардың әлі де жанашыр, мейірімді екенін дәлелдеудің соңғы жолы болуы мүмкін", - деді телеарна тілшілері. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр