Ан-2 ұшағы Қазақстанның оңтүстігінде тауға қонған соң зақымданды (видео)

Әлеуметтік желіде Қазақстанның оңтүстігінде тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрлардан ұшақтың таулы аймақтағы беткейде, ағаштардың арасында қалып қойғанын көруге болады. Желідегі қолданушылар оқиғаның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылының маңында болғанын айтады.
Көлік министрлігі болған оқиғаны растады.
"Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес, UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған авиациялық апат адам шығыны жоқ авиациялық оқиға болып саналады және оны Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді", – деп түсіндірді ведомство.
Баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.