AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ампутация жасалды: Көкшетауда босанған әйел дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалды

Көкшетауда акушер-гинекологтерге үкім шығарылды. Олардың кінәсінен босанған әйел I топтағы мүгедек болып қалды. Алайда мерзімінің аяқталуына байланысты дәрігерлер келтірілген зиянның орнын толтырып, қылмыстық жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Меруерт Әлімова

Қалалық соттың хабарлауынша, қылмыстық іс перинаталдық орталықтың екі акушер-гинекологіне қатысты қаралды. 2019 жылдың 8 мамырында жәбірленуші әйел босану бөлмесіне жатқызылып, кезекші екі дәрігердің қарауынан өткендігі анықталды.

Олар басқа дәрігердің алдыңғы тексеруінің мәліметтерін және анамнез нәтижелерін ескермеген, қылмыстық немқұрайдылық танытып, өз қызметтік міндетінен асып, оған дейін қойылған диагнозды негізсіз деп алып тастаған.

"Медициналық көмек көрсетудегі ақаулардың салдарынан жәбірленуші 1-топ мүгедегі болды", – деп хабарлады сот.

Сот отырысы барысында прокурор дәрігерлерді кінәлі деп тануды және ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Жәбірленуші ең ауыр жаза тағайындауды талап етті.

Сотталушылар өз кінәларын мойындамады. Алайда сот екі акушер-гинекологтің де кінәсі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 2-бөлігімен (Медицина қызметкерінің немқұрайлы және адал емес қатынасы салдарынан кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы, соның салдарынан абайсызда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру) дәлелденгенін хабарлады. Бірақ қылмыс жасалғаннан кейін екі жылдан астам уақыт өткендіктен олар жазадан босатылды.

Жәбірленушінің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. 4 миллион теңгеге жуық материалдық шығын және 15 миллион теңге моральдық зиян көп салалы облыстық ауруханадан өндірілді. Сондай-ақ сотталушылар 1,5 миллион теңге көлемінде төленетін шығындарды өтеуі керек. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


"Тағдыры солай жазылған": Маңғыстау облысында сынықшыға барғаннан кейін қолынан айырылған баланың анасы мәлімдеме жасады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр