Америкалық актриса Сovid-19-дың шашқа әсерін көрсетті
COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған америкалық актриса Алисса Милано аурудың салдары туралы айты берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алисса Джейн Милано - әйгілі америкалық актриса және әнші. Фиб Холливеллдің "Сиқырлы" телехикаясындағы рөлімен танымал( 1998-2006 жылдары шыққан), ол сонымен бірге "Бұл жерде бастық кім?" және "Көңілдестер" ситкомдарында ойнаған.
Актриса өзінің Instagram-дағы аккаунтында коронавирустан кейін оның шашы қалай түсетінін көрсететін видео жариялады.
"Сіздерге COVID-19 шаштарыңызға не істеп жатқанын көрсетуді қаладым. Мұны байыппен қабылдаңыз", - деп жазды Милано.
Кейбір желі қолданушылары да осындай салдардан зардап шегетіндерін жазды.
"Менде де осындай шаш мәселесі бар, әртүрлі дәрумендерді қабылдаймын, бірақ ешқайсысы көмектеспейді", " Менің досым да солай! Ол да иіс және дәм сезімін жоғалтты, шаштары түсе бастады", "Менің шашым да солай болады. Шашымның шамамен 20 пайызын жоғалттым десем артық айтпаймын", - деп жазды оның жазылушылары.
Daily Mail көптеген клиникалар мен зерттеулер COVID-19 мен шаштың түсуі арасында байланысты анықтағанын жазды. Сарапшылардың айтуынша, COVID-19 жұқтырған пациенттерінің көпшілігі қатты физикалық немесе эмоционалды стресске, безгекке және қатты салмақ тастауға тап болады, бұл шаштың түсуіне әсер етеді.
Индиана университетінің медицина мектебінің дәрігері Натали Ламберт Сovid-19-дың ауыр түрімен ауырған науқастар арасында сауалнама жүргізіп, 1500-ден астам науқастың 400-ден астамының шашы түскенін анықтады, деп жазды CBS News.
Бұған дейін АҚШ-тағы әртүрлі зерттеу орталықтарының ғалымдары коронавирус адам ағзасына әсер етеді деген қорытындыға келді, оның теріс салдары көптеген жылдар бойы әсер етуі мүмкін деп хабарлаған.